{metadescription}
Атбасарға тағы қауіп төнді
Атбасарға тағы қауіп төнді

Атбасарға тағы қауіп төнді

Арқадағы Жабай өзені тағы 70 сантиметрге көтерілді. Ақмола облысын әбігерге салып отырған тентек су осыған дейін де қалыпты деңгейінен 2 жарым метр асып кеткен болатын.

Төтенше жағдайлар комитеті Владимир Беккердің айтуынша, тасқыннан талай ақыретті көрген Атбасар қаласына тағы қауіп төніп тұр. Қазір құтқарушылар елді қызыл судан қорғау үшін топырақ толы қапшықтар тізіп, қалқалап жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз екен.Өзеннің жағасын тіктеп, толыққанды инженерлік жұмыстар жүргізілуі керек. Ал оған қаржы биыл ғана бөлінген. Яғни, жұмыстар тек келесі жылы ғана жасалады. Ал әзірге ағын су сәт сайын қарқын алып барады екен. Осы қарқыннан түспесе демалыс күндері Солтүстік Қазақстанды да су басуы мүмкін. Өйткені, Сілету су қоймасынан келетін ағыс күшейе түскен.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Солтүстік Қазақстан бойынша Су деңгейі 35 сантиметрге көтерілді. Екі апта бойы осылай болады деп отырмыз. Өйткені, Ақмола облысының бүкіл суы, Есіл мен Жабай, Колутон өзендері де осы су қоймасына келеді де ары қарай Петропавл арқылы өзен болып ағады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде