{metadescription}
Қоянбаевтың жаңа фильмінде Голливуд жұлдыздары ойнамақ
Қоянбаевтың жаңа фильмінде Голливуд жұлдыздары ойнамақ

Қоянбаевтың жаңа фильмінде Голливуд жұлдыздары ойнамақ

Енді кино продюсер қырынан да кеңінен таныла бастаған Нұрлан Қоянбаевтың жаңа фильмінде Голливуд жұлдыздары ойнамақ. Туындылары жұрт көңілінен ерекше орын алып, кинотеатр залдарын толтыратын өнер иесі бұл жолы да тың серпіліс жасауды көздеп отыр. Жаңа кинода комедия мен романтика жанры қатар ұштасатын болады.   

Түсірілім барысында бұл туындыға «love is» деген атау беріліпті. Әрбір фильмінде қазақтардың шетелдегі қызықтарын көрсетуге тырысатын Қоянбаев, бұл жолы да ел ішімен шектеліп қалмауды ұйғарыпты. Тіпті Голливудтың танымал жұлдыздары да фильмге түсуге келісім берген екен. 

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Керри Тагава, «Хатико» «Мортол Комбат» киносына түскен. Сол Керри Тагава сценарий ұнап киноға түсуге уәде берді.

Ал продюсердің өзі өнер жолында алғаш рет ғашық жігіттің рөлін сомадамақ. Махаббат хикаясының ажарын «Бизнес по-казахски» фильмінің актерлары мен Әсел Сағатова аша түспек. Түсірілім тобы романтикалық комедия күлкіге қарық қылады деп сендіріп отыр.

Иісбек Әбілмәжінов, актер:

- Мынау ишарат дейміз ғой солан шатысып жатады. Осының өзі де қызық. Күлкілі жағдайлар боп тұрады.

Әрбір жобасын бір жылға жоспарлайтын продюсер, туынды күз мезгілінде көпшілікке жол тартады деп отыр. Өйткені, қазір фильмнің соңғы көріністері түсіріліп жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде