{metadescription}
Шалқар Ақымғалиевтің отбасына әріптестері 30 миллион жинап берді
Шалқар Ақымғалиевтің отбасына әріптестері 30 миллион жинап берді

Шалқар Ақымғалиевтің отбасына әріптестері 30 миллион жинап берді

Суға секіріп кеткен келіншекті құтқарам деп мерт болған атыраулық полицей Шалқар Ақымғалиевтің отбасына әріптестері қаржылай көмек көрсетуде. Ал, батырдың отбасы ішкі істер органдарының әлеуметтік қолдау қорының қамқорлығына алынған.

Нақты айтқанда, полицейлер мен құтқарушылар, ұлттық ұлан жауынгерлері және қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері 30 миллион теңгеге жуық қаржы жинапты. Одан өзге марқұм жасаған ерлігі үшін мемлекеттік наградаға да ұсынылды. Сондай-ақ, еліміздің тәртіп сақшылары әріптестерінің есімін кейінгілерге үлгі болуы үшін тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, Шалқар туралы бейнероликтер түсіріп жатыр. Еске сала кетейік, полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев 21-ші наурыз күні орталық көпірден Жайық өзеніне секірген қызды құтқарам деп жүріп, өзі суға кетіп қалған еді. Ол тірі болғанда 1 сәуір күні 25 жасқа толатын еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде