Шығыста жүйіткіген пойыз жеңіл көлікті қағып өтті
Көлік тізгінінде 70-ке қараған азамат отырған. Абырой болғанда, зейнеткер аман қалды.
Автор: Аруна Ортай
08.04.2019
Жантүршігерлік жол апаты таспаға түсіп қалды. Белгілі болғандай, жолаушылар пойызының жақындап қалғанына қарамастан, көлік жүргізушісі шойын жолды кесіп өтпек болған. Одан қалды, жүргізуші семафорда қызыл жанып тұрғанын көрген де екен. Поезд сүйреген машинаның сау тамтығы қалмады. Ал көлік тізгініндегі 68-жастағы зейнеткер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жазылып шыққан соң кінәлі жүргізуші жауапкершілікке тартылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!