{metadescription}
«Көкжайлау» құрылысы кейінге қалды
«Көкжайлау» құрылысы кейінге қалды

«Көкжайлау» құрылысы кейінге қалды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды. Қоғамдық кеңестің отырысында бұл жобаны әлі де болса пысықтау керектігін айтқан қала басшысының бастамасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайтынын әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

Еліміздегі ең үлкен тау-шаңғы демалыс орны салынады дегелі жеті жыл  өтіпті. Осы уақыт ішінде жоба да бірнеше рет қайта қаралды. Енді жаңа концепция бойынша,100 гектар жер Ұлттық паркке қайтарылатын болады. Австриялық сарапшылардың бағасы бойынша, оның құрылысына кететін млрдтаған ақшаның қайтару үшін 10 жыл керек екен. Бірақ, бәрі ойдағыдай болса, экономикаға жыл сайын 2 млрд. доллар пайда түсіруге болады екен. Ең маңыздысы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болады деп болжануда. Дегенмен, экономика мен экологияның тепе-теңдігін сақтау үшін жобаны бастар алдында толықтай саралап алған абзал дейді қала әкімі.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Менің ойымша біз асықпауымыз қажет. Жаңа аймақтың келешегі туралы сарапшылардың ойын біліп, барлығын талқылаудан өткізу керек. Сондықтан, бұл жобаны толықтай пысықтау үшін курорттың құрылысын кейінге шегеруді ұсынамын.

Ал келер жылдан бастап Алматыда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын қолға алынбақшы. Онда қаладағы 8 ауданға 500 млн теңгеден бөлінбекші. Бұл қаражатты тұрғындар мен қоғамдық кеңес мүшелері сайтта дауыс беру арқылы өздерінің тұрғылықты аудандарындағы кезек күтттірмейтін мәселелерді анықтап, соны жөндеуге жұмсалатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.