{metadescription}
Бас прокуратура Бергей Рысқалиевке қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Бергей Рысқалиевке қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура Бергей Рысқалиевке қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура Бергей Рысқалиевтің Лондонда жүргенін растады. Десе де, Англияда тайраңдаған Атырау облысының экс-әкімін ұстау қиындық туғызып тұр дейді. Өйткені, екі ел арасында қылмыскер алмасу туралы келісім жоқ.

Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:

- Өкінішке орай, бізде Ұлыбританиямен келісім-шартымыз жоқ. Яғни, бір-бірімізге қашып кеткен қылмыскерлерді ұстап бере алмаймыз. Бірақта, біздің құқықтық сұрауларымыз инторпалға, жан-жаққа жіберілді.

Сондықтан халықаралық іздеудегі экс-шенеуніктің Лондонға бас сауғалауы бекер емес дейді Ахметжанов. Мұнда Бергей Рысқалиев өзін ешкім ұстай алмайтынын жақсы білген дейді. Содан болар, Атырау облысының бұрынғы әкімі өткен аптада тіпті, өзін видеоға түсіртіп, жазбаны ғаламторға таратып жіберген. Онда Рысқалиевтің тұманды альбиондағы саябақтардың бірінде қолын қалтасына салып, жайбарақат қыдырып жүргенін көруге болады. Айта кетейік, 52 жастағы экс-әкім ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 71 миллиард теңгесін ұрлағаны үшін сырттай 17 жылға сотталған. Әрі онымен бірге інісі Мәжіліс депутаты болған Аманжан Рысқали да 16 жылға сырттай сотталған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.