{metadescription}
Оралда өз командирін атып өлтірген сержантқа сот үкім кесті
Оралда өз командирін атып өлтірген сержантқа сот үкім кесті

Оралда өз командирін атып өлтірген сержантқа сот үкім кесті

25 жастағы бұрынғы полиция сержанты енді 13 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. 

Бақыт Ермаханов, судья:

- Ғарипов Серік Нұрланұлы ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлігімен кінәлі деп танылсын. Және ол 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалсын.

Сотталушы полиция сержанты шенінен айырылуымен қоймай марқұмның отбасына материалдық және моралдық шығын есебінде 6 млн. 700 мың теңге беруге міндеттелді. Еске салсақ, бұл сұмдық жағдай былтыр қыркүйек айында болған. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандың полиция бөлімшесінде мамандандырылған күзет батальонының сержанты, взвод командирі Рүстем Рақышевты атып тастаған еді. Серік Ғарипов табельдік қарудан бастығына жеті рет оқ атқан. Ол алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Ал Ғарипов сот процесі барысында командирі ақша бопсалап, намысын таптағаны үшін жазым қылғанын айтқан. Дегенмен марқұмның жақындары үкіммен келіспей отыр. Жасқайрат Рақышев баламды өлтірген қаскөй кемі 20 жылға түрмеге жабылсын дейді.

Жасқайрат Рақышев, Р. Рақышевтың әкесі:

- Тапсырыспен өлтірген. Үкіммен келіспеймін. Маған 99-дың 2 бабы керек, мен соңына дейін бармын. Жоғарғы сотқа дейін баруға әзірмін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде