{metadescription}
Алматыда көпқабатты үйлердің жанынан снаряд табылды
Алматыда көпқабатты үйлердің жанынан снаряд табылды

Алматыда көпқабатты үйлердің жанынан снаряд табылды

Екі кештің арасында елді дүрліктірген оқиға «Жас қанат» ықшам ауданында болған. 

Ұлшат Бектасова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Көршілер ана жерден мина табылғанын айты. Шыны керек, алғашында қорқып кеттік. Өтірік деп айтқандар да болды. Бірақ, кейін полицейлер, жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндірушілердің көлігі келді.  

Полицейлердің мәліметінше, белгісіз біреу қоңырау шалып, сайдың ішінен жарылғыш зат байқағанын айтыпы. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тез арада маңайды қоршауға алады. Тіпті, белгіленген тәртіп бойынша саперлерді шақыруға тура келген. Қазір арнайы полигонға жеткізілген жарылғыш зат тексеруден соң көзі жойылады екен. Бірақ, оның қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстарын бастаған полицейлер тұрғындардан да жауап алып жатыр.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Міндетті түрде сұрастыру жұмыстары учаскелік инспекторлармен жүргізіліп жатыр. Мүмкін олардың бірі көрген болуы мүмкін кімнің алып келгенін. Немесе бұл жарылғыш заттың қанша уақыттан бері жерде жатқанын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде