{metadescription}
Шенеуніктер 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындарда кілемге дейін санаған
Шенеуніктер 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындарда кілемге дейін санаған

Шенеуніктер 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындарда кілемге дейін санаған

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда бірізділік жоқ. Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы көпбалалы аналар осылай деп шағымданып отыр. Айтуларынша, комиссия үйдің ішіндегі жиһазды да есепке алыпты. Тіпті кейбірінің үйіндегі кілемі мен теледидарын да санаған. Алайда, жергілікті билік мұны жоққа шығарды.

Алматы облысында атаулы көмекті алуға құжат өткізген аналар наразылық білдірді. Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы жұрт таңнан бері әкімдік маңын торауылдап жүр. Айтуларынша, отбасы табысын есептеу барысында кейбірінің үйіндегі кілем мен теледидарды есепке алған. Енді бірінің баспанасыз екеніне қарамаған. Яғни, табысты есептеуде бірізділік жоқ. Отбасының жағдайын осылай анықтау ақылға қонымсыз деп ашынады.

Алмагүл Мұратова, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

Телевизор, шкаф, диван болса берілмейді дейді. Сонда біз екі кілемнің үстінде отыруымыз керек пе? Тіпті газ, су өткізілмеген болуы керек дейді. Ал Үкімет тек жалақыға қарап беріледі деді. Дұрыс па?

Земфира Ақылбаева, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

Маған «Сен байсың» жәрдемақы неге керек дейді? Менің үйім жоқ. Мен енеммен бірге тұрамын. Күйеуімде машина бар. 1 жыл болды мемлекеттік жұмысқа тұрды. 50 мың алады жалақы, мен 10 500 теңге алам. Соны 5 балаға жеткізе ала ма?

2 сәуірден бері құжат қабылдайтын жерде маман аз, - дейді. Қаржылай көмекті алуға өтініш бергеннен кейін, арнайы құрылған комиссия сол отбасыны тексеруі тиіс. Осылайша материалдық хаттама толтырылып, соның қорытындысына сәйкес жәрдемақы тағайындалады екен.

Салтанат Шайділдаева, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

- Екі әйелдің артынан 100 адам жүр. Ол адамдарды апарып үйіңді көрсету керек екенсің. Ол тексереді екен. Қазір түскі асқа кетті. Енді қай уақытта келетіндерін білмеймін.

Жауаптылар түскі үзіліске кеткенде жұрт ашуын қызмет көрсеткен жалғыз маманға төкті. Түскі астан оралған әкімнің орынбасары тиісті мамандар бөлінетінін айтып, ешкім ескерусіз қалмайды деп сендірді.

Дамира Наурызбаева, Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- Бүгіннен бастап 5 адам бөлініп жатыр. Әр үйге кіреді. Қажетті болса барлығы алады.

Әкімдік мамандарына жұмыспен қамту орталығы да көмектеседі. Әрқайсы көше-көшені аралап, атаулы көмекке шын мұқтаждардың ара-жігін ажыратып, анықтауы тиіс. 21 мың теңгеге үміттілердің бірі - Айнұр Атакиева. Бұрын мемлекеттен жәрмедақы алған емес. Біздің түсірілім тобы комиссияға еріп тұрмысы нашар отбасының табысын есептеп қайтты. 16 шаршы метрлік лашықты 3 адам паналайды. Иесіне ай сайын 15 мың төлейді. Отбасының кірісі - 42 мың теңге.

Айнұр Атакиева, жалғызбасты ана:

- Балаларымның ақшасын шығарып берсе екен деймін. Жетпейді менің табысым.

Комиссия мүшесі жалғызбасты ананың тұрмысымен танысып, көргенін хаттамаға тізіп шықты.

Арай Стамқұлова, Ұзынағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

- Тұрмыс жағдайыңызды көрдік. Сізге әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Бізге келіп құжаттарыңызды жинасаңыз болады.

Әкімдіктегілердің айтуынша, 1 сәуірден бастап тағайындалатын жәрдемақыны алу үшін әр отбасы құжат өткізген соң комиссия мүшелері арнайы барып табысын тексереді. Тіпті қорасындағы малы да есепке алынады екен. Сондықтан ешкім тасада қалмас үшін әрқайсын жіті тексереміз және оған уақыт керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.