67 жастағы қария ойынхана қызметкерін пышақтап тастады
Алматыда компьютерлік клубтан кетуден бас тартқан егде адам ойынхана қызметкерін бірнеше жерден пышақтап тастады. Десе де, оқиға куәгерлерін қылмыс емес, оны істеген адамның жасы таңғалдырды.
Автор: Аруна Ортай
09.04.2019
Ойынханада ойран шығарған геймер 67 жастағы шал боп шықты. Таңға дейін тынбай компьютер ойнаған қария қызметкерлердің «клуб жабылады» деген сөзін пысқырмаған. Керісінше, олардың біріне пышақ ала жүгірді. Бірнеше жерден ауыр жарақаттанған азамат ажалдан аман қалды. Клубтан кетуден үзілді-кесілді бас тартқан қартты полиция қызметкерлері әрең дегенде сүйреп шығарды. Бірақ, көлікке күштеп отырғызған соң ойынқұмар шал қалың ұйқыға кетті.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі:
- Үйі сол компьютерлік клубқа тиіп тұр. Өз үйіне барып демалғысы келмеген ол компьютерлік клубтың ішінде ұйықтай саламын деген. Әкімшілік өкілі оған ескерту жасағаннан кейін сөз көтере алмаған ол пышақ жұмсай бастады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасу үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!