{metadescription}
КТК тілшілеріне емxана заңгері жұдырық ала жүгірді
КТК тілшілеріне емxана заңгері жұдырық ала жүгірді

КТК тілшілеріне емxана заңгері жұдырық ала жүгірді

Өкпесі қабынған. Көкшетауда екпеден кейін қайтыс болған 1 жасар сәбиге қатысты сот медициналық сараптама осындай қорытындыға келді. Сараптаманың бұл дәйегіне сенгісі келмеген марқұм қыздың анасы біздің арнамызға шағымданған. Болған жағдайды білмек болып барған түсіру тобына емхана заңгері жұдырық ала жөнелді. 

1 жасар сәби осыдан бір ай бұрын қайтыс болған. Оған сол күні 3 бірдей жұқпалы ауруға қарсы екпе жасалыпты. Егуден кейін 10 сағаттан кейін көз жұмған сәбидің өлімін туысқандары емшарамен байланыстырады. Енді  бауыр еті баласынан айрылып зар жылаған ана сараптама қорытындысын көргенде таң қалып отыр. Сараптамада екі өкпесі бірдей қабынған делінген.

Анастасия Маркович, марқұмның анасы:  

- 5 наурызда біз келгенде дәрігер тыңдады сосын бойын өлшеді. Сәбидің қызуы болған жоқ. Өкпесі қабынса, неге екпе жасады? Неге ол сол күні қайтыс болды? Екпені көтере алмады әрине. Енді жауап берсін. Бұлай қалдырмаймыз. 

Осынау жайтқа қатысты емхана жақ ашқысы жоқ. Оған себеп құжат ресми түрде тапсырылмапты-мыс.

Ерболат Темірбеков, Көкшетау қалалық емханасының заңгері: 

- Қазір біз ештеңе айта алмаймыз. Иә, сараптама дайын бірақ, бізге ресми түрде тапсырған жоқ. Тергеу әлі жүріп жатыр.

Сот медициналық сараптама қағазының көшірмесін  марқұмның туысқандары полициядан алған. Қорытындысын оқып тұрғаны сол еді, «ештеңе айтпаймыз» деген емхана заңгері түсіру тобына тап берді. Орталық емхананың дәлізіндегі айғай шуды естіп кабинеттерінен дәрігерлер атып шықты. Телеоператорды үсті үстіне ұрғылаған кезде камера да істен шықты. Тіпті сол жерде марқұм болған сәбидің екіқабат әпкесіне әлгі заңгердің жұдырығы тиген. Келіншек жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді.

Зәбір көрген келіншек тиісті ем-дом алған соң үйіне жіберілді. Ал, емхана заңгерінің заңсыздығына тап болған біздер полицияға шағым түсірдік. Қазіргі таңда Ерболат Темірбековке қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек журналистің заңды түрдегі кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін шенеунікке тағы бір айып тағылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде