Кен байыту комбинатынан шыққан су айналаны улап жатыр
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы кен байыту комбинатынан шыққан су айналаны улап жатыр. Осылай деген жергілікті тұрғындар жасыл түстес сұйықтық аққан жерлерге өсімдік атаулы шықпай қалады дейді. Құрамында түрлі реагенттері бар руда жуатын сұйықтық комбинаттың бөгетінен асып жайлымды басқан. Енді тіпті ауыл іргесіне дейін таянғасын жұрттың шыдамы таусылып, биліктен шара қолдануды талап етеді.
Автор: Саят Сабдалы
09.04.2019
Айыр ауылының тұрғыны Әлібек Ақжаров кен байыту комбинатында ауыр техникада жұмыс істейді. Айтуынша, бөгеттен асып иен далаға жайылған мына сұйықтық руданы жуғаннан қалған жуынды. Құрамында түсті металлды ауыр рудаларды үгітіп жіберерлік реагенттер бар. Мұның далаға жайылуы бөгеттердің дұрыс салынбауынан дейді ол.
Әлібек Ақжаров Айыр ауылының тұрғыны:
- Дамбаны салып жатқан кезде, жөндеп салмаған үшін сондай болады. Саламыз 3-4 сағат 5 сағат 10 сағат өткеннен кейін қайтадан шайып кетеді су. Толып кетеді, тез толады өткені су көп кетіп жатыр. Көп ағызып жатыр суды мына жаққа.
Ауыл тұрғындары осы жасыл балшықтан комбинат жұмыс істеген 4 жыл бойы зардап шегіп келеміз дейді. Айтуларынша реагент жайылған жерге шөп шықпайды екен. Тіпті, сұйықтық өткен ну орманның орны қазір жазық далаға айналған.
Ермек Ыдырысова Айыр ауылының тұрғыны:
- Мал да өлді. Жан да өлді. Табиғат та өлді. Бәрі осының кесірі, омсының зардабы. Дамбаны көтеріп берем, жолыңда жөндеп берем деп алдайды, балаға кәмпит берген сияқты.
Айналадағы жайлымның күйіп кетуіне байланысты енді ауыл тұрғындары малды алыстағы қырдан асырады. Оның үстіне уланған жердің шөбін татырмауға да күш салады екен. Ол үшін әр жануарды бала жетектегендей өріске дейін шығарып саламыз дейді. Өйткені мына жасыл балшық аралас сұйықтық ауылдан төменгі өрістің 10 шақырым жеріне жайлыпты. Сондықтан халық бөгетті қоршауға алуды талап етеді.
Ердан Ризадин Айыр ауылының тұрғыны:
- Біздің бүкіл өрісіміз төменгі жақта ғой, бүкіл реагент суы сол жақта. Дамбаны бетонан құйып тоқтатуын сұраймыз. Өрісімізді былғамасын. Үкіметің құрығы ұзын ғой. Бірдеңе қылсын. Шөбіміз өспей жатыр ғой.
Қазылып алынған рудаларды улы регентері бас су қазір Шабалай өзеніне құйып жатыр. Ал ол өзен барып Түндікті өзеніне қосылады. Түндіктіден аққан су Ертіс өзеніне түседі екен. Ал Ертіс қаналынан бүкіл Қарағанды жұрты ауыз су ішіп отыр.
Ал комбинат басшылығының айтуынша, руданы жуған суды далаға жіберу тәжірибесі көптеген елде қолданылады екен. Тіпті осы ми баспаққа кір жуып, шомылуға да болады деп те салды. Ондан уланып жатқан ешкім жоқ, халық бос сөйлейді дейді.
Руслан Юн, «Алтай полиметаллы» ЖШС бас директоры:
- «Алғашқы зерттеу, қоспаның зияны жоқ екенін көрсеткен. Біздің жоспарымыз бойынша, құм мен су аралас сұйықтық ауылға дейін жетпеуі керек. Бірақ тұрғындардың шағымына қарай тағы да тексеріс тағайындаймыз.»
Алпауыт компания өкілі еріккен халыққа теңеген жұрт мұңымызды естір құлақ таппадық деп ашынады. Биліктегілер де алтын күмістің ортасында отырған жуанға тісі батпайды дейді. Дегенмен «Алтай полиметаллы» компаниясы жасыл балшықтан өздері екінші рет сынама алып, зертханаға жібердік деп отыр. Ал экология басқармасы адам аяғы әрең жететін бұл өңірге бас сұқпайтын да сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!