{metadescription}
Сайлауға қатысты зиялы қауым өкілдері де пікір білдірді
Сайлауға қатысты зиялы қауым өкілдері де пікір білдірді

Сайлауға қатысты зиялы қауым өкілдері де пікір білдірді

Кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысты зиялы қауым өкілдері де пікір білдірді. Мемлекет басшысының үндеуін саралаған олар сайлау өткізу туралы шешімді ел өміріндегі елеулі оқиғаға  бағалады.

Ғалым Жайлыбай, ақын:

- Біз осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Өйткені, бұл біздің болашағамызды, ертеңімізді, ұрпақтарымыздың ертеңін айқындайтын, айдында жүзген кемеміздің бағытын айқындайтын көшбасшы керек.

Кезектен тыс сайлау өтетін күннің белгіленуі саяси тұрақтылықты нықтай түседі деген қаламгерлер, халықтың таңдауы бұра тартылмайтынына сенім артамыз дейді. Себебі, Президенттің «сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін» деген сөзін алға тартқан ақын-жазушылар, көпшілікті екі айдан кейін келетін саяси дода кезінде жұмылып жұдырық болуға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.