{metadescription}
Сайлауды өткізуге қажетті ақша Үкімет резервінен бөлінбек
Сайлауды өткізуге қажетті ақша Үкімет резервінен бөлінбек

Сайлауды өткізуге қажетті ақша Үкімет резервінен бөлінбек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс өтетінін сайлау жайлы мәлімдеме жасағаны сол еді, Есілдің сол жағалауында қарбалас. Екі айдан кейін, яғни, 9-маусымда өтетін саяси додаға дайындық басталып кетті. Сарапшылар бұл жолы президент сайлауының нағыз қызыққа толы болатынын айтып отыр.

- Мемлекет басшысы, үндеуін жарияламас бұрын, Ақордада партия төрағаларын қабылдап, жиын өткізгені белгілі. Онда не айтылды?

Қасым-Жомарт Тоқаев, олармен кезектен тыс өтетін президент сайлауы жайлы ақылдасқан болуы керек. Өйткені, «Нұр отан», «Ақжол» «Коммунистер» мен «Ауыл» партияларының жетекшілерін қабылдаған соң, президент бірден халыққа үндеуін жариялады.

Сөйтіп, елімізде екі айдан кейін, яғни 9 маусымда  президент сайлауы мерзімінен бұрын өткізілетін болды. Маңызды шешімді қабылдамас бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, қос палата спикерлері және премьер-министрмен де ақылдасып кеңескенін айтты. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы саяси доданы өткізуге әзірлікті бастап кетті. Ал, науқанды өткізуге қажетті ақша Үкімет резервінен бөлінбек.

Руслан Даленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Республикалық бюджетте мерзімінен бұрын өтетін сайлауға қаржы қарастырылмаған. Сондықтан науқанды өткізу үшін ақша Үкімет резервінен бөлінеді. Жалпы, резерв осындай жоспардан тыс шұғыл шараларды қаржыландыруға арналған.

Сарапшылардың көбі бұл жолғы президент сайлауының қызыққа толы болатынын айтып отыр. Өйткені, саяси дода жаңа есімдермен толығады. Сондықтан сайлауға ел азаматтары белсенді қатысып, күллі әлем көз тігеді дейді.  

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Сайлауға түсетін үміткерлердің тартысына қараған қызық болады. Тек бізге ғана емес, бүкіл әлемге қызық болып көрінеді. Өйткені, үлкен саяси мәдениет билікті ауыстыру деген. Бұны біз бірінші рет өткізгелі отырмыз.

Осылайша, алдағы екі айда елімізді сайлаудың қызығы мен шыжығы күтіп тұр. Оның әділ өтетініне президент Қасым-Жорт Тоқаев кепіл болатынын айтты. Әрі шет елдерден келетін бақылаушылар да доданы қатаң бақылайтыны анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде