Отандық актерлар түрік киносына дубляж жасады
Лермонтов атындағы театр артистері көркем фильмді нақышына келтіріп шығарған. Бұған дейін шетелдік туындылардың көбін Ресейдің актерлары дубляж жасаса, енді жаңа дауыс қалың көрерменді бірден баурап алады дейді ұйымдастырушылар.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
10.04.2019
Бұған дейін түрік кинолары ресейлік киностудиялардың дубляжымен шықса, енді отандық актерлардың дауысын тыңдауға мүмкіндік туып отыр. «Вкус любви» деп аталатын фильмдегі әрбір дауысты Лермонтов атындағы театр шаңырағының таланты өнерпаздары сәтті алып шыққан. Дубляж кезінде актердың бейнесіне ену үшін шынайы жылап, арнайы жүгірген сәттері де болған екен.
Майра Қарсақбаева, дистрибьютор:
- Бір қыз жылау керек болды. Жылағанда аузына бірнәрсе шайнап тұру керек болды. Енді сол қыздың рөлін Фатеева өте жақсы алып шықты. Сосын түсінбедік бұл қалай болды деп. Сонда ол маржанымды шайнадым деп айтады. Сонда дәп-дәл сондай шықты.
Түркияда биылғы жылдың ең романтикалық фильмі атанған «Вкус любвидің» басты рөлін Буғра Гүлсой мен Озге Опиринжи сомдаған. Актерлар да мағынасы терең махаббат фильмі көпшіліктің көңілінен шығатынына сенімді.
Буғра Гүлсой, актер:
- Біздің «Вкус любви» атты фильміміз 11 сәуірден бастап сіздердің кинотеатрларыңызда көрсетілгелі жатыр! Тер төге еңбек еткен бұл фильміміздің бауырлас Қазақстанда өз көрерменін табарына қуаныштымын. Картина сіздерге ұнайды деп сенемін. Түркиядан зор құрметімді қабыл алыңыздар.
Озге Озпиринжи, актриса:
- Сәлеметсіздер ме, Мен Озге Озпиринжимін, «Вкус любви» атты фильміміз 11-сәуірден бастап барлық кинотеатрларда көрсетілмекші. Біз бұған өте қуаныштымыз. Бұл фильмнің сіздерге ұнайтынына, оны тамашалап, зор ләззатқа бөленетіндеріңізге сенімдімін.
Көп дауысты жаңа туынды 11 сәуірден бастап еліміздің 22 қаласындағы 70-тен астам кинотеатрларынан көрсетілетін болады. Романтикаға толты фильм шынайы махаббаттың қандай болатындығына куә етеді дейді ұйымдастырушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!