{metadescription}
Киік мүйізін алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды
Киік мүйізін алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды

Киік мүйізін алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды

Қазақ-Ресей шекарасында шабадан толы киік мүйізін алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды. Контрабанданы көрші елге кәдімгі жолаушылар автобусымен жеткізбекші болған 49 жастағы өзбекстандық Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» шекара бекетінде тұтылды.

Ол тауарды бәзбіреудікі деп бет бақтырмады. Ал, өзі ғана шекарадан өткізіп беруге ғана келісіпті. Көрініп жатса күдік тудырмайды деп ойлаған болуы керек, тауар иесі мүйізге толы шабаданды автобустың жүк салғышында өзге жолаушылардың жүгімен бірге тастай салыпты. Бетін жейделермен жаба салған шабадан ішінен киіктің 148 мүйізі табылды. Қара базарда бұлардың құны шамамен 200 миллион теңге болады екен. Полицейлер бұл жағдайды жедел іс-шара барысында анықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде