{metadescription}
Жамбылда ауыл жұрты наразылық ретінде малын өріске шығармай қойды
Жамбылда ауыл жұрты наразылық ретінде малын өріске шығармай қойды

Жамбылда ауыл жұрты наразылық ретінде малын өріске шығармай қойды

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл жұрты бір күнге төрт түлікті өріске шығармай қойды. Олар ірілі-ұсақты екі жарым мыңға жуық малды көшеден асырмай әдейі ұстап тұрды. Осылайша, шаруалар өз түйткілдеріне жергілікті биліктің назарын аудармақ болған.

Бұрын-соңды бұл өңірде дәл осындай ерекше наразылық акциясы болмаған. Байзақ ауданына қарасты Ақшолақ ауылының тұрғындары төрт түлікті таңнан бері әдейі қаңтарып тұр. Жұрттың мұндай қадамға баруына мал өрісінің тарылуы себеп. Жайылым таппай тарыққан тұрғындар осылайша жергілікті биліктің назарын аудармақ. 

Қамшыбек Әмреев, Ақшолақ ауылының тұрғыны:

- Жер бос жатқан. Қазір бір кәсіпкер келіп егіп жатыр. Бірақ мал жаюға болмайды дейді. Сонымен, халық қазір қайда бағарын бімейді. Мына жақтың бәрі егін.

130-дан астам түтіні бар шағын ауылда мың жарым бас ірі қара мен екі отар қой бар. Бірақ мал көп болғанымен жайылым жоқ. Қазір тұрғындар төрт түлікті не тауға, не құмға өргізе алмай қиналып жатыр. Себебі, ауыл айналасы егістік алқаптарына айналған. Енд жұрт өздерін шеңберде қалғандай сезінеміз дейді.    

Қыдырбай Көбеков, Ақшолақ ауылының тұрғыны:

- Былай жүрсең пойыз қағады, былай жүрсең машина қағады. Ешқандай ыңғайы жоқ.

Қиындықтың көкесі жердің оты қашқанда болайын деп тұр. Ашыққан мал иек астындағы егіске құлайды. Ал егінді отаған жануарды кәсіпкер аясын ба? Шетінен қамап, айыппұл салмақ. Бірақ шенеуніктер істі насырға шаптырмаймыз деп сендірді. Олардың айтуынша, малға арнайы өріс жасау жоспарда бар.  

Мұхтар Қилыбаев, Жаңатұрмыс ауылдық аймағының әкімі:

- Ақыртасқа баратын жолмен шығарады бұл кісілерді. Жолы бар. Соның айналасынан мына жағынан 100, мына жағынан 100, 200 жер қалдыр да қалғанын пайдалана бер дейміз. Ол келісетін әңгіме. Өткелін жасап береміз.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің жұртқа пайдасынан гөрі зияны тиіп жатқандай. Себебі жолдың үстімен малды айдап өтуге тиым салынған. Егер төрт түлікті көлік қаққан болса, оған малдың иесі тікелей жауапты. Дегенмен, елді мекеннен бір шақырымдай жерде мал өткелі бар. Бірақ ол қолдануға жарамсыз дейді тұрғындар. Өйткені мұның астында, яғни табанында жыл он екі ай тізеден асатын су жатады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде