{metadescription}
Алматыда полицейлерді пышақтаған қаскөйлерге іздеу жарияланды
Алматыда полицейлерді пышақтаған қаскөйлерге іздеу жарияланды

Алматыда полицейлерді пышақтаған қаскөйлерге іздеу жарияланды

Алматыда қарақшыларды ұстамақ болған 2 полиция қызметкерін күдіктілер пышақтап кетті. Тәртіп сақшыларының бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыс жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргендерге қатысты тергеу басталды. 2 күдікті қамауда, тағы екеуіне іздеу жарияланған.

Оқиға кеше болған. Жеңіл көлігін жалға беріп, пайда табатын алматылықтың кесірінен 2 полицей зардап шекті. Автокөлікті жалға алушы азамат ақысын кешіктірген соң, темір тұлпардың иесі 3 сыбайласымен бірге мәселені шешпек болады. Төртеуі көлік жүргізушісін қала сыртына апарып ұрған және 2 ұялы телефонын тартып алған. 14 мыңның орнына 40 мың теңге талап етіпті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- «Т» есімді азамат полицияға шағымын түсірді. Жедел уәкіл істі өз тергеуіне алды. Сезіктілерді ұстау сәтінде олар қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне пышақ сілтеген.

Арнайы операция барысында күдіктілер аға лейтенант Мұхитдинов пен полиция капитаны Қожаевқа пышақ сілтеген. Ауыр жарақаттанған тәртіп сақшыларының біреуі жансақтау бөліміне түсті.

Қамбар Байжігітов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бірінші науқас амбулаториялық емге жіберілді. Екінші науқасқа ота жасалды. Жағдайы ауыр.

Ал құрықтау операциясы барысында полицейлерден сытылған 2 күдіктінің аты-жөні белгілі. Іздеу жарияланды. Олардың 2 сыбайласы тергеліп жатыр. Екеуі де жұмыссыз. Бұрын сотталмаған. Соның бірі көлігін жалға берген азамат. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргені үшін күдіктілер бірнеше жаза арқалауы мүмкін.

Қазір ұсталғандардың екеуі кінәсін толықтай мойындады. Адам бопсалап, қарақшылық шабуыл жасап, қызмет барысында полицейлердің өміріне қауіп төндірген төртеудің ісіне құқықтық сараптама жасалып, соның негізінде қылмыстық іс қозғалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде