{metadescription}
Nur Otan-ның кезектен тыс съезі сәуірдің 23-інде өтеді
Nur Otan-ның кезектен тыс съезі сәуірдің 23-інде өтеді

Nur Otan-ның кезектен тыс съезі сәуірдің 23-інде өтеді

Бүгін еліміздегі жетекші партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай қаулыға қол қойды. Құрылтайда билік партиясы президент сайлауына өз үміткерін ұсынып, саяси науқанға дайындықты пысықтайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

- Біздің еліміздің жаңа басшылығына барынша көмектесуіміз керек. Өйткені, мен үшін билік сабақтастығын жалғастыру өте маңызды. Көп ойланып шешкен мәселе. Сайлау науқанына кірер кезде партияға ең үлкен жүк түседі. Біз съезд өткіземіз. Өзіміздің кандидатымызды ұсынамыз сол жерде.

Ол үшін алдағы бір аптаның ішінде партияның өңірлік филиалдары, бастауыш ұйымдары жиын өткізіп, съезге баратын делегаттарын анықтауы тиіс. Съезд өткеннен кейін саяси ұйым заңмен бекітілген мерзім бойынша сайлауалды науқанын бастайды. Партия басшылары қазірдің өзінде саяси додаға толығымен дайын екенін айтып отыр. Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдап, 9 маусымда кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін айтқан еді. Маңызды шешім шығарарда Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңескенін де жеткізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде