Еуразиялық одақтың келешегі Астанада талқыланды
Идеядан шынайы болмысқа! Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық Одақ құруды ұсынған болатын. Бұл бастамаға алғашында күдікпен қарағандар қазір оның тиімділігін мойындап отыр.
Автор: Әсел Тұмашқызы
11.04.2019
Виктор Садовничий, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры:
- Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразиялық Одақ уақыт өткен сайын өміршеңдігін дәлелдеді. Алғашында күмәнмен қарағандар көп болды. Бірақ, сын сағатта көрші мемлекеттер бірге әрекет еткенде ғана экономика алға басатынын түсінді.
Еуразиялық интеграция - заман талабынан туған. Тұңғыш Президент қорының ұйымдастырумен өткен ғылыми конференция қатысушылары да мұны растап отыр. Ұлық идеяның ширек ғасырына арналған халықаралық шараға Ресей, Болгарияның саясаткерлері арнайы келген. Олардың айтуынша, Одаққа мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения бүгінде интеграцияның жемісін жеп отыр. Өйткені, көрші елдер арасында жыл өткен сайын тауар айналымы артып алыс-беріс, барыс-келіс беки түскені байқалады.
Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған идея болашаққа ұмтылған идея. Әр мемлекет жаһандық үрдістердің барысында жеке түрде дамып жүре алмайды. Мына ынтымақтастық жаһандық үрдістердің негізгі сұранысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!