{metadescription}
Қылмыстық істі ақшаға жаппақ болған шенді сотталды
Қылмыстық істі ақшаға жаппақ болған шенді сотталды

Қылмыстық істі ақшаға жаппақ болған шенді сотталды

Ақтөбеде халықаралық деңгейдегі заңсыз газ тасымалына қатысты қылмыстық істі тергеген басшы сотталды. Мемлекеттік кіріс департаментінің қаржылық тергеу бөлімін басқарған Берікқали Мерей енді бес жылын қоныс колониясында өткізеді.

Үкімді тыңдауға тергеу бөліміндегілердің бәрі қалмай келді. Өйткені оларды сабақ болсын деп әдейі шақырыпты. Сотталушы былтыр газ тасымалымен айналысатын компания директорынан 1 миллион 700 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Ол осы ақшаға өзі тергеп жатқан істі жабуға уәде етіпті. Енді сот үкімімен өмір бойына мемлекеттік қызметтің маңайына жолай алмайды. Онымен қоса әріптестерінің көзінше сот залында қолына кісен салынды.

Темірбек Алданов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

- Берікқали Мерей 5 жылға бас бостандығынан айрылсын. Жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді. Өмір бойына мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттің қатысы бар кез-келген компанияда жұмыс істеу құқығынан айырылсын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде