{metadescription}
WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондонда тұтқындалды
WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондонда тұтқындалды

WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондонда тұтқындалды

Ұлыбритания астанасының орталығындағы Эквадор елшілігінен кісенмен шығарылған 47 жастағы жанжалшыл журналист полиция учаскесіне жөнелтілді.

Соңғы 7 жыл Эквадор елшілігінде тығылып келген Джулиан Ассанжбен елшіліктің арасы бір айдан көлемінде суи бастағаны байқалған. Наурызда елшілік Ассанжға ғаламтор қолдану мен қонақтар қабылдауына да тыйым салған болатын. Вестминстер магистраттық сотына келмегені үшін 2012 жылдың 29-шы маусымында берген ордер негізінде тұтқындалды. Талай жылдан бері қамауға ала алмай арманда болған Ұлыбритания билігі Эквадор президенті Ленин Мореноға алғыс білдірді. АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әскери операциялары туралы, Гуантанамо түрмесіндегі былықтар сияқты әлемдік державалардың құпияларын жариялаумен аты шыққан Джулиан Ассанж енді Вестминстер сотына жеткізілгенге дейін полиция учаскесінде болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде