КТК тілшілеріне жұдырық ала жөнелген заңгерге қатысты іс қозғалды
Емханада КТК тілшілеріне жұдырық ала жөнелген заңгер аяқ астынан еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік медицина мекемесінің басшылары да түк болмағандай кейіп танытуда.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.04.2019
Заңгердің соққысынан арнаның мүлкі бүлінген. Алаңсыз тұрған оператордың қолындағы бейнекамераны, тілшіден тартып алған микрофонмен ұрған кезде түсіру обьективі зақымдалған. Түсірілген бейне бұлыңғыр тартып, микрофонның дыбыс сигналын жеткізетін құралы істен шықты. Бірақ, редакция тапсырмасымен жүрген түсіру тобына осылайша қоқан-лоққы көрсеткен емхана заңгері Ерболат Темірбеков өзін кінәлі санамақ түгілі тілшілердің үстінен телеарна басшыларына шағымданды. Сөйткен де, еңбек демалысына кеткен. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы да тапа тал түсте медицина мекемесінде орын алған жағдайға байланысты пікір білдіруден үзілді кесілді бас тартты. Қазір полиция болған істі жан жақты тексеруді бастады.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 1 тармағы яғни «Бұзақылық» бабы бойынша заңгерге қатысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу бойынша КТК телеарнасына арнайы техниканың бүлінуіне байланысты сұрау салынды. Сот медициналық сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!