Алматыда тас жол опырылып, жұрттың үрейін ұшырды
Төле би көшесінің Сайран көлі маңайында пайда болған терең шұңқырдың кесірінен көлік қозғалысы қиындап, тұрғындар діттеген жеріне жете алмай қиналған.
Автор: Мақсат Мәлік
11.04.2019
Терең орды айналған жерді жұмысшылар қоршауға алған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпепті. Себебі, Сайран автобекеті көлік пен адам көп жүретін аймақ. Айта кетейік, дәл осы жерде былтыр жылу құбырлары ауыстырылған болатын. Мамандардың айтуынша, төтенше оқиғаға асфальт плитаның жылжып кетуі себеп. Ал, коммуналдық мекеме өкілдері қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компания кепілдік міндеттеме бойынша олқылықты жөндейді деп отыр.
Ян Грин, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС ресми өкілі:
- Түнгі 22:00-ге дейін Төле би көшесіндегі бұл аумақты қалпына келтіріп, шұңқыр пайда болған жолақты ашамыз. Ал асфалт төсеу үшін жауын-шашын тоқтағаннан кейін іске кірісеміз. Бірақ, шұңқырдың диаметрі 1 метр еді. Сіздер көрген терең ор жұмысшылар келіп, қазу жұмыстарын бастаған соң пайда болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!