{metadescription}
Сенаторлар Байқоңырды Қазақстанның меншігіне қайтаруды сұрады
Сенаторлар Байқоңырды Қазақстанның меншігіне қайтаруды сұрады

Сенаторлар Байқоңырды Қазақстанның меншігіне қайтаруды сұрады

Сенаторлар Ресейге 50 жылға жалға берілген Байқоңырды Қазақстанның меншігіне қайтаруды сұрады. Өйткені ғарыш айлағымен қоса, 76 мың тұрғыны бар  қаланы  жалға алған көрші мемлекет, инфрақұрылымды дамытуға мүлдем көңіл бөлмейді. Тіпті ресми Мәскеу 6 жылдай бұрынғы «Протон» зымыранының апаты үшін де 13 миллиард теңге өтемақыны әлі төлемеген.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

- 2013 жылы шілдеде Байқоңырда «Протон» ракетасы құлап, ауаға 600 тонна гептил жайылған болатын. Сол кезде министрлік осының шығыны 13 миллиард теңге деп есептеп, Ресейге берген. Бірақ осы кезге дейін одан хабар жоқ. Осыған байланысты, мәселелер қашан шешімін табады? Таппайтын болса, ракета ұшырылатын алаңдарды ғана Ресейге қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстан құзырына қайтару туралы не ойлайсыз?

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегілер Байқоңыр қаласының Қазақстан меншігіне өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Айтуларынша, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Ол пайдамызға шешілсе, 1994 жылдан бері Ресейге тәуелді болып келген шаһар бүтіндей еліміздің қарамағына беріледі. Ал ғарыш айлағы келісім-шарт бойынша 2050-шы жылға дейін  ресейліктердің қарамағында қала бермек. Байқоңырдағы 76 мың тұрғынның 60 пайызы Қазақстан азаматтары екенін ескерсек, қала біздің меншігімізге өтсе, қайта түлеуіне мүмкіндік жасалмақ.

Марат Нұрғожин, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Байқоңырды біртіндеп қайтару туралы келіссөз «Роскосмоспен» арада  жүріп жатыр. Бұл оңай шаруа емес. Мұның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеуіміз қажет. Сондықтан талқылаулар аяқталған соң, нақты шешімді айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде