Президент сайлауын өткізуге 12 миллиард теңге керек
Президент сайлауын өткізуге 12 миллиард теңге керек. Орталық сайлау комиссиясы бюджеттен осынша қаржы сұрап отыр. Бірақ бұл Қаржы министрлігі былтыр арнайы қарастырып қойған ақшадан анағұрлым асып түскен.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.04.2019
Берік Шолпанқұлов, Қаржы министрінің орынбасары:
- Былтыр 2020 жылға арнап 8 миллиард 800 миллион теңге бөліп қойғанбыз. Бірақ ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайып, соның әсерінен керекті қаржы көлемі өсіп кетті. Дегенмен, біз оны тексереміз.
Бұл 12 миллиардтың 70 пайызы сайлау науқанына тартылған қызметкерлерге жалақы ретінде берілмек. Әйтсе де, аталған министрліктегілер осынша қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалатынын 2 күн ішінде түгел тексеріп шықпақ. Сөйтіп, олар өз ұйғарымын жасайды. Вице-министрдің айтуынша, бұл ақша тексерістен соң азаюы мүмкін. Жалпы, бүгінде Үкімет резервінде 51 миллиард теңге қаражат жиналған. Президент сайлауына керекті ақша сол жерден бөлінбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!