Алматыда «Қос жүректің лүпілі» атты концерт өтеді
Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі «Қос жүректің лүпілі» атты концерт өтпекші. Бір-бірін тапқан талантты жұптар осы кеште танымал әндерімен қатар авторлық шығармаларын да орындайтын болады. Биыл айтулы шараға еліміздің барлық өңірлерінен ғана емес, көршілес Қырғызстаннан да әнші жұптар қатыспақ.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
11.04.2019
Дәстүрлі түрде өтетін шараға өнердегі жұптардың биылғы дайындығы тым ерекше. Халыққа жақсы көңіл күй сыйлау үшін тынымсыз дайындықта жүрген әншілер, тек орындайтын әндерінің сөзіне ғана емес, сахналық киімдеріне де үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Себебі, ұйымдастырушылардың қояр талаптарының ең незігілерінің бірі осы.
Сара Шаяхметқызы, «Ару-Ана» продюсерлік орталығының продюсері:
- Авторлар қоғамымен біз келісім-шартқа отырып ақын жазушылардың сазгерлердің ақысын аударып төлейміз. Мен мына қатысып отырған жұптарға өздеріңнің авторлық әндерің болу керек деп айтамын.
Тоқтар мен Бейбіт, Мирас пен Құралай сынды отандық әншілерден басқа көршілес Қырғызстаннан да өнерпаздар келеді екен. Ал, жобаның ұйымдастырушылары ән мен би ғана емес, өнегелік жағына д мән беріп отыр.
Сара Шаяхметқызы, «Ару-Ана» продюсерлік орталығының продюсері:
- Бақытжан деген бір әнші баланы тауып, соның «Ана жүрегі» деген әніне сондай ғашық болдым. Сол баланың ана жүрегін алып шығып жастарға тәлім тәрбие берсек дейміз. Қазіргі заманның ағымына қарай жастарымыз қазақтың салт-дәстүрін ұстанбай бара жатқан сияқты.
Биылғы концерттің уақыты да өзгерген. Жыл сайын 15 мамырға белгіленген шара, биыл 14 сәуір күні Алматыдағы студенттер сарайында өтеді. Себебі, әз Наурыз мерекесі тойланып біте саласымен, халықты талантты жұптардың өнерімен қуанышқа бөлеуде көздеген екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!