{metadescription}
Алматы облысында құрлық әскерилері жаттығу өткізді
Алматы облысында құрлық әскерилері жаттығу өткізді

Алматы облысында құрлық әскерилері жаттығу өткізді

Алматы облысында құрлық әскерилері 2015 жылдан бері тоқтап қалған су кедергілерін бұзып өту бойынша жаттығуын өткізді. Жауынгерлер тактикалық шабуылдар жүргізіп, пантонды көпір арқылы ауыр әскери техниканы Іле өзенінің келесі жағасына жеткізуге тырысты.

Отыздан астам әскери техника қатысқан жаттығу кезінде, сарбаздар жылдам шабуылға шығуға әрекет жасады. Ең алғаш белгіленген межені ауыр техникамен атқыласа, кейіннен арнайы барлаушылар өздеріне берілген тапсырманы орындауда ептілік танытты. Осыдан кейін, БТР-80 броньды транспортерлары ағысы қатты Іле өзенін кесіп өтуге кіріскен. Тапсырма - қаруланған 30 жауды тоқтату. 

Шартты түрде қаруланған топ, Іле өзенінің бойындағы көпірді қиратты. Құрылық әскернің басты мақсаты, жағалаудың келесі бетіндегі жаудың көзін жою. 8-10 метр тереңдіктегі өзенді бағындырған брондалған техниканың соңынан пантонды көпір салынуда.

Ені 215 метр болатын ағысы қатты Іледен ауыр техниканы өткізуге арналған көпір 34 бөліктен дайындалаған. 30 минутта жинақталатын аспалы жолды техника өтіп кеткенге дейін арнайы катерлер ұстап тұрады. Сондай-ақ, берілген тапсырма бойынша, әрбір асуды да кезегімен алу керек.          

Ернат Төлеғұлов, Десантты-шабуылдаушы батальон командирі:

- Арқарлы асуы ең бірінші маңызды нысан болып табылады. Бұдан кейін Алтын емел және Қойбын асуы. Бұл орындарда жедел операциялар жүргізу қарастырылған.

Өзеннің келесі бетіне сәтті өткен ауыр техника мен сарбаздар, барлығын тиянақты орындады. Бір жарым сағатқа созылған дайындық кезінде апатты жағдайларға тап болмай, жылдам жасаған әрекеттеріне басшылықта жоғары бағасын беріп отыр.  

Қайдар Қарақұлов, ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы:

- Өздеріңіз көргендей, бөлімдер жедел операцияны сәтті орындады. Алдарына қойылған тапсырма толығымен аяқталды. Енді дайындықтың бағасын қорғаныс министрі мен дайындық басшылығы беретін болады.

Араға 4 жыл салып өткізілген арнайы жаттығу, жауынгерлердің жігерін арттырды. Оқығанын тәжірибиеде көрсеткен сарбаздар мұндай шаралар көп болса дейді. Себебі, мұндағы әсер де басқаша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.