Семейде маскүнемдікке салынған отбасылармен күрес күшейтілді
Баспаналарын жын-ойнаққа айналдырған олар, түн баласы көршілеріне маза бермеуде. Ал, жергілікті полиция қызметкерлері бір күннің өзінде алты отбасын тіркеуге алып, тағы үшеуіне ескерту жасады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
12.04.2019
Масаң күйде тұрған бұл кісі, ішімдік ішпедім дейді. Дегенмен, бөтекелес достары үйінде сауық-сайран құрып отыр. Ал онда барған полиция қызметкерлері нағыз жын-ойнақтың үстінен түсті. Тіпті, араларында анасымен еріп келген, төрт жасар қызға дейін жүр. Олар бірден келіншекті сауықтыруға мекемесіне, ал, баланы бейімдеу орталығына жіберді. Инспекторлардың айтуынша, қазір мектеп пен тұрғындардан ішімдікке салынған отбасыларға қатысты шағым көптеп түсіп жатыр екен. Жалпы, Семейде осындай 90 отбасын тіркеуде тұр.
Жанарбек Мандиев, учаскелік инспектор:
- Спирттік ішімдік ішіп, белгісіз себептермен балаларын мектеп пен оқу орындарына жібермеген жағдайда, ол кісілермен алдына алу шаралары жүргізіледі. Егер, қоғамдық орында ұсталса әкімшілік айыппұл салынады. Істі әкімшілік сотқа жіберетін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!