{metadescription}
Ақтөбеде шенеуніктер өздері шауып тастаған өзен бойына қайта шыбық отырғызып жатыр
Ақтөбеде шенеуніктер өздері шауып тастаған өзен бойына қайта шыбық отырғызып жатыр

Ақтөбеде шенеуніктер өздері шауып тастаған өзен бойына қайта шыбық отырғызып жатыр

Ақтөбеде шенеуніктер өздері шауып тастаған өзен бойындағы ағаштардың орнына қайта шыбық отырғызып әуреге түсіп жатыр. Тасқынның алдын алу үшін өзен табанын тазалауға кіріскенде жағалауды жасыл желектен тып-типыл қылған еді. Бұған тұрғындар жаппай наразы болды.

Александр Мандрыкин, эколог:

- Биліктің бұл ойланбай қабылдаған жобасы болды. Жүздеген жыл бойы өсіп тұрған тал-теректі қопарып алып тастады. Оның орнын толтыру мүмкін емес. Мысалы, таз басқа қайта шаш шықпайды ғой. Сол сияқты бүлінген топыраққа әзір шыбық та өспейді.

Өңірдегі қоғамдық ұйым өкілдері 8 өзенді тазалауға арналған жобаның шикі тұстары көп екенін айтады. Әсіресе табанын тереңдетпей, арнасын кеңейткені қоршаған ортаға қауіпті дейді. Қазірдің өзінде 6 миллиард 700 миллион теңгеге тазартылған өзен жаз шықпай құрғап тұр. Сондай-ақ шөлейтті өңірде тасқын елу-алпыс жылсыз қайталанбайды екен. Оның өзінде көктемгі суды бөгейтін қоймалар жеткілікті. Әйтсе де, шенеуніктер өзен жағасын жасыл желексіз қалдырғандарына ұялатындарын айтады. Сондықтан оталған бір ағаштың орнына он тал егеміз деп ақталады.

Дастан Әжібаев, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Арна бойындағы ағаштар алынады. Ал жан-жағындағы ағаштар өз орнында қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде