{metadescription}
Алматы облысындағы көлде экологиялық ахуал ушығып тұр
Алматы облысындағы көлде экологиялық ахуал ушығып тұр

Алматы облысындағы көлде экологиялық ахуал ушығып тұр

Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылындағы көлде экологиялық ахуал ушығып тұр. Ассенизаторлық қызмет көрсететін жүргізушілер қалдық суды көлге төгеді екен. Соңғы 3 жылдан бері мұндағы жағдай нашарлаған. Балығы тайдай тулаған су тоғанында бүгінде тіршілік атаулы құрыған. Жақын маңдағы тұрғындар дабыл қағып отыр.

Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Жалпақсай ауылының тұрғындары соңғы 3 жылдан бері тәртіп сақшысының рөліне енген. Ассенизаторлық қызметпен айналысатын «пысықайлар» қалдықтарын осы маңдағы көлге төгеді. Кәріз коллекторына ақы төлегеннен осы тиімді. Бассыздықты тоқтату мүмкін емес. Кезекті рет кәріз қалдығын құйған сәтте үстінен түстік. Біреуі камераны көріп қашып үлгерді. Амангелді Шекербекті коллекторлық қызметпен айналысатындар түгел таниды. Ол жүргізушілерді аңдумен әлек. Мынау ақпан айында көлге ағызылған қалдық су. Қысы-жазы көлді қорғағанмен нәтиже шамалы. Тіпті осы үшін жаға жыртысуға дейін барған. Округ басшысы жағдайдан хабардар.

Амангелді Шекербек, Жалпақсай ауылының тұрғыны:

- Ауылдың әкімшілігіне бардым. Олар «Ой, аға, арыз жазыңыз. Адамдарды жинаңыз» дейді. Сонда олардың жұмысын мен істеуім керек екен. Ал олар бәрін біліп отыр. Бірақ біздің қолдан келмейді, оны жасай алмаймыз дейді.

Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округінің аумағындағы кәріз қалдығын жинайтын орын жан-жақтан жиналған лас суды сүзіп, жартысын Алматыға қарай жөнелтіп отырады. Бұл жерге сырттан қалдық әкелуге еш рұқсат жоқ. Ауадан ақша жасап отырғандардың кесірінен Қазақ жер өңдеу институтының қоластында болған көлдің экологиялық ахуалы нашарлаған. Бүгінде қараусыз. Жанға сая мекеннің көркі қашқан.

Кезінде балықтың алуан түрін аулаған жұрт мұндағы көлдің жағдайына алаңдайды. Себебі, кәріз қалдықтарының суы тікелей осы жерге келіп құйылады екен. Көлдің түбі қоқысқа толы. Мұндағы жиналған су бір орында тұрмайды. Ары қарай Қаскелең өзеніне құяды.

Жағалауға үй салған тұрғындар көлдің жылдан жылға тартылып бара жатқанын айтады. Көптің басты тілегі - демалыс пен шаруашылыққа қолайлы ортаның табиғи қалпын сақтап қалу.

Әзімхан Нұраханов, Қаскелең қаласының тұрғыны:

- Бүкіл Қаскелеңнен, Жамбылдан, Батаннан, Алтын Орданың барлығы осы жерге келіп төгетін жер ашты. Ішінде тулап жатқан балығы болатын. Айналасына келіп ел демалатын. Қазір ел демалмақ түгілі адам баласы жақындай алмайды. Мына су төменгі ауылдың бәріне барады ғой. Біз барлығын уландырып отырмыз. Осы біздің жанымызға батып отырғаны.

Күніне 30-дан аса көлік келіп, ауыл маңына қалдықты төгіп кетсе де, жергілікті билік оларға тіс батыра алмай отыр. Мән-жайды білмек болып аудандық әкімдікке бас сұқтық. Аудан басшысының орынбасары Жалпақсай ауылындағы көлдің жағдайынан бейхабар болып шықты. Бізден ести сала белсене іске кірісті.

Алмасбек Әшімбай, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

Бір апта рейд сол бір апарған машина тағы апарады. Ұсталады солар ұсталады. Болды айналысамыз ары қарай. Басқа ештеңе дей алмаймын.

Әзірге, рейд басталғанша ассенизаторлық қызметпен заңсыз айналысатындарға тоқтау болмай тұр. Жалпақтал ауылының маңындағы сасық иістен демалу мүмкін емес. Қолқаны қабады. Бір кездері ғылыми мақсатта қолданылған көлде қазір бір түйір балық та қалмаған. Ал, кәріз қалдығы араласқан көлдің суын өрістегі төрт-түлік мал ішіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.