{metadescription}
Су қоймасына мұнай өнімдері төгілген
Су қоймасына мұнай өнімдері төгілген

Су қоймасына мұнай өнімдері төгілген

Орал қаласы маңындағы Чапаев су қоймасына мұнай өнімдері төгілген. Су бетінде қалқып жүрген қара дақтарды көрген тұрғындар осылай деп дабыл қағып жатыр. Экологтар судан сынамалар алса, полиция суды ластағандарды іздеуді бастады.

Орал өзенінің иірімінде орналасқан мүйісте бірнеше мекеме ораналасқан. Оның үстіне бұл жерде мұнай өнімдерін тасымалдайтын техникалық кемелер де аялдайды. Тұрғындардың айтуынша, су жағасында 1 жарым метрге жайылып жатқан қара дақтан керосиннің иісі аңқып тұр. Иірімдегі суға түскен сұйықтық ағыспен Орал өзеніне де қосылып жатыр екен. Қазір полицейлер жағалауға күзет құрып, экологтар  алған сынамалар сот медициналық сараптамаға жіберілген. Мамандар суға төгілген заттың мұнай өнімдері деп айта алмаймыз дейді. Дегенмен сасық сұйықтықты суға жібергендерді тапсақ жазасын береміз деп отыр.

Гүламан Исмағұлова Орал қалалық ПБ баспасөз хатшысы:

- Эколог мамандар табиғатқа келтіріліген зиянның қаншалықты деңгейде екенін анықтауда. Сұйықтықтың қоршаған ортаға , табиғатқа тишгізетін зияны анықталған жағдайда, сонымен қатар күдікті мекеме немесе күдікті кәсіпкерлік иесі анықталған жағдайда, тиісті шаралар қолданылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде