{metadescription}
Көкшетауға қалың қар жауды
Көкшетауға қалың қар жауды

Көкшетауға қалың қар жауды

Түнімен төпелеген ақ ұлпа айналаны ақ мамыққа орады. Мұндайды күтпеген қаланың коммуналдық қызметі жолдарды тазартып, әуре-сарсаңға түсіп жатыр.

Сәуір туғанымен көктемнің шуақты күні солтүстік өңір үшін бір түнде қарлы қысқа айналып сала берді. Жапалақтап жауған қар 9 миллиметрге дейін жеткен. Сондай-ақ, ауаның температурасы минус 5, кей жерлерде минус 10 градусқа дейін төмендеді. Өңірге қалың тұман да түсті. Табиғаттың тосын мінезі коммуналдық қызметтегілерді де әуреге салды. Өткен аптада ауа райы 23 градусқа дейін жылып кетсе, осы апта ақмолалықтар үшін салқын болатын сияқты. Бұл жағдай басқа өңірлерге де қатысты болып тұр.

Даниэль Жұмажанов, «Казгидромет»РМК Ақмола облысы бойынша филиалының бөлім басшысы:

- Бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырап,оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуі жауын-шашын,жаңбыр,қар жауып ауаның температурасы төмендеді. Алдағы 3 күнде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде