{metadescription}
ШҚО-да түрмелердің жабылуына байланысты мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін
ШҚО-да түрмелердің жабылуына байланысты мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін

ШҚО-да түрмелердің жабылуына байланысты мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Себебі Шуақ ауылындағы үш бірдей түзеу мекемесі жабылудың  алдында тұр. Ал, жергілікті тұрғындар мұны елді мекенді құртудың амалы дейді. Өйткені ондағы жұрттың басым бөлігі осы абақтыларда қызмет атқарады. Сондықтан тұрақты табысынан айырылған жастар қалаға тентіреп, ауыл қаңырап қалады дейді.

Бұл Жарма ауданына қарасты Шуақ ауылы. Қазір мұнда 1600-ге жуық тұрғыны бар. Олардың басым бөлігі елді мекенде орналасқан үш түзеу мекемесінде жұмыс істейді. Енді, сол мекемелер жабылады дегенді естіген жұрттан маза қашқан.

Бүгінде тұрғындар көкейінде бір ғана сұрақ бар. Тұрақты табыс көзінен айырылған соң, қайда барамыз деген. Себебі, ауылда осы үш түрмеден басқа жұмыс орны жоқ.

Сара Мақажанова, Шуақ ауылының тұрғыны:

- Жұмыс жоқ. Үй жоқ. Тамақ жоқ. Бір үйде бес бала, төрт бала, үш бала бар. Олар қалай күн көреді? Үкімет қайда қарап отыр?

Бұл аздай тоғыз көп қабатты үй мен мектеп, балабақшаға да қауіп төніп тұр. Өйткені, аталмыш нысандардың жылыту жүйесі, түзету мекемелерінің қазандығына тәуелді. Ал оны сақтап қалуға аудандық билік пен қараша халықтың шамасы жетпейді.

Мұрат Хасенов, Шуақ ауылының тұрғыны:

- Ең бастысы мекемелер ғой. Ақша бөліп ұстап тұратын. Егер, олар кететін болса, қарапайым халықтың берген ақшасы жылу қазандығын ұстап тұра алмайды. Сондықтан бұл бір-бірімен байланысты.

Жұрт шенеуніктердің бұл шешімін, бүтін бір ауылды құрту деп қабылдады. Әйтсе де, еліміздің қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері мекемелердің жабылуын жазасын өтеушілердің саны 30 пайызға кеміп кеткенімен байланыстырады.

Қайрат Мұрзашев, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті штаб-басқармасының бастығы:

- Қазіргі уақытта, жабу мәселесі құзырлы органдардың араласуымен талқыланып жатыр. Алайда, үш түзету мекемесін қосқанда жалпы 2500 мың адамға орын есептелген. Бірақ, жазасын өтеушілердің саны соңғы тоғыз жылда азайып кетті. Атап айтқанда, 2010 жылы 2300-ге, 2015 жылы 1500-ға, ал дәл қазір 900 адам ғана қамауда отыр.

Бұл мекемелерде қызмет атқаратын 4 мың адам мен жазасын өтеушілердің барлығы басқа мекемелерге жіберілмекші. Өйткені, өңірде дәл осындай тағы 12 абақты орналасқан. Сондай-ақ, министрліктің ақпаратынша, қазір еліміз бойынша 30 мың адам жазасын өтеп жатыр. Сотталғандар санының азаюына рақымшылық та септігін тигізіпті. Сондықтан Қарағанды, Павлодар және Атырау өңірлеріндегі сегіз абақты жабылып тынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде