Маңғыстауда үш қабатты үйдің баспалдағы опырылып, жертөлеге бір-ақ түсті
Оқыс жағдайдан екі адам ажал құша жаздады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
15.04.2019
Әсел Жолдасов, Маңғыстау ауылының тұрғыны:
- Далаға атып шықсам, екі қызым келе жатыр еді. Соның біреуі үлгерген де, екіншісі баспалдақ қопарылып жертөлеге түсіп кеткен.
Көп қабатты үйдің баспалдағы кеше кешке опырылып құлаған. Тұрғындар бұл жағдайдан әбден шошып қалыптыОлар баспалдақтың апатты жағдайда тұрғанын әкімдікке айтқанбыз дейді. Бірақ оған жергілікті билік мән бермесе керек. Ал оның соңы қайғылы аяқтала жаздаған. Дәл осы оқыс жағдай боларда подьезге 33 жастағы жүкті келіншек пен 10 жастағы қыз кірген екен. Бетон опырылғанда екеуі де қирандымен бірге жертөлеге бірақ құлаған. Басы жарылып, аяғы жараланған екеуі ауруханаға түсті. Ал апат болған жер қазір жөнделіп жатыр. Тұрғындар 50 жыл бұрын салынған бұл үйдің әбден ескіргенін айтады. Сондықтан оған жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етуде.
Қалқатай Өтемұратов, Маңғыстау ауылының әкімі:
- Қаржы бөлінген жағдайда бұл үй толығымен жөндеуден өтетін болады. Қазіргі жағдай бойынша шара алынды. Жолдар жабылып, басқа аадамдарға қауіп төндірмеу мақсатында. Қазір уақытша жұмыстар жасалып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!