Шығыс Қазақстанда жолаушылар автобусы жүріп келе жатып отқа оранды
Шығыс Қазақстанда жолаушылар толы автобус жүріп келе жатып, өртке оранды. Абырой болғанда адамдар аман. Ал қоғамдық көліктің түгі қалмаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.04.2019
От Быструха ауылының маңына жеткенде тұтанған. Жүргізуші көк түтінге тұншығып, жолаушылар шулағанда көлігін тоқтатыпты. Ол алдымен өртті өзі сөндірмек болған. Бірақ одан ештеңе өнбесін білген соң 101-ге хабарласыпты. Өрт сөндірушілер жеткенде жалын күшейіп, бір сағат дегенде әрең сөндіреді. Ал автобустың 25 жолаушысы облыс орталығына жолай кетіп бара жатқан көліктермен жеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!