{metadescription}
Нұр-Сұлтанда мақтауын асырған жер үсті метросының құрылысы тоқтап қалды
Нұр-Сұлтанда мақтауын асырған жер үсті метросының құрылысы тоқтап қалды

Нұр-Сұлтанда мақтауын асырған жер үсті метросының құрылысы тоқтап қалды

Нұр-Сұлтанда жарнамасы жер жарған мега-жобаның құрылысы тоқтап қалды. Бұған Елорда әкімдігі қаржы тапшылығы себеп деп отыр. Ал  құрылысы сағызша созылған жер үсті метросының мәселесі бүгін Үкіметке дейін жетті.

Басынан дау арылмаған жер үсті метросы «Экспо» қарсаңында іске қосылуы керек болған. Бірақ, жарнамасы жер жарған жобаның мерзімі қайта-қайта шегеріліп келеді. Енді міне, ол аздай  құрылысы тағы тоқтап қалды. Сондықтан жыр болған метро жолы жақында салынып бітпейтін секілді.

Ал, әдетте қызу жұмыс жүретін құрылыс алаңдарында тірі жан жоқ. Рельсті көтеріп тұратын мынадай цемент тіреуіштер, ескерткішке айналғандай. Құрылысқа қажетті темір терсектер болса, ешкімге керексіз болып жол жиігінде жатыр. Сондықтан ұзаққа созылған жер үсті метросының құрылысын бүгін премьер-министр де қатты сынға алды.

- Елордада құрылыс саласындағы көрсеткіштер нашар. Инвестициялар айтарлықтай азайған. Бақыт Тұрлыханұлы!

Асқар Маминнің «көрсеткіш нашар деп» ренжитін жөні бар. Өйткені, ЛРТ компаниясының мақтаулы жобасына биыл 10 жыл болды. Бірақ, құрылыстың бірінші кезеңі де аяқталмаған. Тіпті, осы уақыт ішінде Елорданың 4 әкімі ауысып үлгерді. Жер үсті метросы барлығының бас ауруына айналғандай.

Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Мына ЛРТ желісінің құрылысының тоқтауына байланысты ол да әсерін тигізіп жатыр. Бірақ, мен сізге баяндағандай, біз Үкімет пен Ұлттық банкпен бұл мәселені шешу үшін ішкі көздерден қаржыландыру мәселесін пысықтаудамыз.

Яғни, Сұлтанов айтуынша құрылыс қаржы тапшылығынан тоқтаған. Негізі құны 2 миллиард долларға жуық жобаның 80 пайызын Қытай даму банкі, қалған 20 пайызы республикалық бюджеттен қаржыландырылуы керек. Айтуларынша, қазір қытай тарапы ақшаны кешіктіріп жатыр екен. Негізі қаржы тапшылығынан бұған дейін де жұмысшылар талай рет дау шығарып, құрылысты тоқтатқан еді.

Нұрбол Өтепов, құрылысшы:

- Бастықтар өздерің ақша тауып тұра беріңдер, кейін есептесеміз дейді. Біз бәріне қарызбыз. Ешкім бермейді ақша.

Мерзім бойынша 22 шақырымдық метро жолының құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс болған. Сөйтіп Әуежай мен Нұрлы жол вокзалының арасын жалғайтын мынадай пойыз жолы пайдалануға берілуі керек еді. Енді ол тек макет күйінде қалғалы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.