Париждегі Құдай-ана соборы француздардың ұлттық трагедиясына айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқының қайғысына ортақтасатын жеткізді. 200 жыл бойы салынған шіркеу екі сағатта өртеніп кетті! Отқа оранған Париждегі Нотр-Дамның көрінісі француздарды есеңгіретіп жіберді. Алапат өртті сырттан бақылап тұрған олар жаппай құдайға жалбарынып, көздеріне жас алды.
Автор: Аруна Ортай
16.04.2019
Алапат өрт атақты Париж Құдай-ана соборының шатыры мен алып сағатын, мұнарасын да күл қылды. Бұл өрт француздар үшін ұлттық трагедиямен тең болды. Өйткені, 900 жылдай бұрын іргетасы қаланған шіркеуде талай патшаларының ұлықтауы рәсімдері мен үйленуі тойлары өтіп, ақтық сапарға да осы собордан аттандырылып келген. Сондай-ақ Христиан дініне қатысы бар құнды дүниелер сақтаулы тұрған. Талай қанды соғыстан аман қалған ғимарат әп-сәтте қирандыға айналды. Сондай-ақ, Нотр-Дам бүгінге дейін алынбас қамал саналып келген. Оның құрылысына 200 жылдан астам уақыт кетіпті. Өрт жөндеу жұмыстары кезінде тұтануы мүмкін. Жалынды ауыздықтауға 400 адам жұмылдырылып, бір құтқарушы ауыр жарақаттанды. Тарихи нысанның ағаштан жасалған бөлігі жанып кеткендіктен, қалыпқа келтіру оңайға соқпайтын түрі бар.
Патрик Чавет, Нотр-Дам архиепископы:
- Бұл ұлттық трагедия! Қайғыдан қан жұтып тұрмыз. Бұл жай шіркеу емес, елдің тарихы болатын. Орны толмас қайғы!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!