{metadescription}
Елордалық полицейлер кафелерді түнде жабу туралы бастама көтерді
Елордалық полицейлер кафелерді түнде жабу туралы бастама көтерді

Елордалық полицейлер кафелерді түнде жабу туралы бастама көтерді

Бас қаладағы мейрамханалар мен кафелер таңға дейін жұмыс істей алмауы мүмкін. Елордалық полицейлер тұрғын үйлердің төменгі қабатында орналасқан көңіл көтеру орындарын түнгі 11-ден кейін, ал бөлек орналасқан кафе, клубтарды түнгі  2-ден кейін тегіс жабуды ұсынды.

Тәртіп сақшылары бұған дейін түнгі 11-ден таңғы 8-ге дейінгі аралықта алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынған еді. Алайда, бүгін полицейлер арақ-шараптың сатылуына шектеу қоймаса да болады деп отыр. Ал, мейрамханалар мен кафелерді ерте жапса, қылмыстың азаятынына сенімді.

Өйткені, түнгі уақытта клубтан араққа сылқия тойып шыққандар бұзақылық жасайды. Ал, тұрғын үйлердің төменгі қабатындағы көңіл көтеретін орындардағы шу мен түтіннің иісі астаналықтарды әбден мезі еткен.

Тахир Әбдірахманов, Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

- Көңіл көтерін орындардың иелері алдымен бас пайдасын ойлайды. Ал келушілер өзара араздасып қалса ғимараттан шығарып жібереді. Олар сыртта бір-бірінің басын жарып жатса да бәрібір. Яғни кәсіпкерлер келушілерінің қауіпсіздігін мүлдем ойламайды. Осындай айқай-шумен таң атыратын жұртты да ойлап жатқан ешкім жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде