Алматылық жігіттің тауып алған гранатасы абайсызда жарылып кетті
Алматыда гранатаға ұқсас заттың жарылуынан 1985 жылғы жігіт зардап шекті. Полиция департаментінің мәліметінше, ол тауып алған беймәлім затты үйіне әкеп, тексермек болған кезде абайсызда қолында жарылған.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
16.04.2019
Бұл жағдай бүгін таңғы 5 жарым шамасында Жетісу ауданында болды. Жарылғыш затты қайдан тауып алғаны да белгісіз. Оң қолы қатты зардап шеккен 34 жастағы тұрғын қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Алайда, жағдайы қалыпты болғанымен, денесінің біраз бөлігі күйіп қалған дейді, дәрігерлер.
Дәурен Түсіпов, №4 қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі:
- 85 жылғы ер азамат жеткізілді. Жеткізілген кездегі диагноз қосарланған жарақат. Жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы беттің, кеуденің, мойынның екі қолының термикалық күйуі, и оң алақанының жарақаты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!