{metadescription}
Үкімет сайлауға бөлінетін ақша көлемін бекітіп берді
Үкімет сайлауға бөлінетін ақша көлемін бекітіп берді

Үкімет сайлауға бөлінетін ақша көлемін бекітіп берді

Кезектен тыс президент сайлауына 9 миллиард 400 миллион теңге бөлінетін болды. Саяси доданы өткізуге қажетті қаржы мөлшерін бүгін Үкімет қарап, бекітіп берді.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Орталық сайлау комиссиясына 9,4 миллиард тең бөлу туралы шешім қабылдадық. Бұған қатысты шешім бүгін қабылданды. Жақын арада бөлінетін болады.

Негізі орталық сайлау комиссиясы науқанға 12 миллиард бөлуді сұраған еді. Бірақ қаржы министрлігіндегілер оны қысқартып, 3 миллиард 300 миллион теңгені үнемдедік деп отыр. Үкімет резервінен алынатын миллиардтардың басым бөлігі бұған дейін айтылғандай, 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде жұмыс істейтіндерге жалақы ретінде төленбек. Қалғаны дауыс беру орындарын жабдықтап, түрлі плакаттарды, ақпараттық қағаздар мен бюллетендерді басып шығаруға жұмсалады. Сондай-ақ, бүгін сайлау кезінде тегін жұмыс істеуге мәжбүр боламыз дейтін ұстаздарға қатысты жайт та айтылды.

Күләш Шәмшидинова, Білім және ғылым министрі:

Заң бойынша, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның кез-келген азаматын сайлау жұмыстарына тарта алады. Бірақ қысып, мәжбүрлеуге болмайды. Ал егер ұстаздарды қалауынсыз жұмыс істететін болса, олар Білім министрлігіне шағымдана алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.