Жас зілтеміршілерге шәкіртақы беріледі
Осылайша, еліміздің әр түкпірінен іріктелген 85 спортшы қаржылай қолдауға ие болды. Ауыр атлетика федерациясы мен «Rompetrol» компаниясы жастар жылы аясында арнайы жобаны жүзеге асырады. Сөйтіп, спортшыларды ынталандырып, болашақта олимпиада чемпиондарын дайындамақ.
Автор: Әсел Тұмашқызы
17.04.2019
Айбек Аманиязов, Нұр-Сұлтан қаласының ауыр атлетика спортының аға жаттықтырушысы:
- «Жас қуат» бағдарламасы республикалық федерация мен KMG International компаниясымен бірге қолға алынды. Осындай көмек көрсетіліп жатқанына қуаныштымыз. Сенімдерін ақтаймыз деп үміттенемін.
Болашағынан үміт күттірген зілтеміршілердің үлкені 20-да болса, кішісі 11-де. Іріктеу талабына сәйкес олар кемінде «спорт шеберіне үміткер» болуы тиіс. Допинг дауымен шатылмауы да басты назарда. Енді осы қатаң талаптардан сүрінбей өткен спортшылар бір жыл бойы шәкіртақы алады. Бұдан бөлек, аймақтардағы жастар жаттығатын залдарды жөндеп, материалдық-техникалық жағдайын жаңарту көзделіп отыр.
Бағдәулет Темірбеков, ауыр атлетикадан спорт шеберіне үміткер:
- Кандидат шеберлігін 10 жасымда алдым. Мен әзірге шетелге шыққан жоқпын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!