Тас жолға батқан жүк көліктері әлі жолда тұр
Қарағанды облысындағы Нұра және Осакаровка аудандары арасындағы тас жолға батқан жүк көліктері 4 күн бойы жолда тұр. Өйткені жүргізушілері көліктерінің есігін жауып қарасын батырыпты.
17.04.2019
Жол жөндеушілер көліктерде тиелген қиыршық тасты түсірген. Бірақ жолға белшесінен кірген ауыр көліктер оталмайынша оны сүйреп шығару мүмкін емес көрінеді. Полиция бірінші күні сақтандыру полисі мен жүкке рұқсат қағаздың жоқтығынан жүргузішілерге айыппұл салған. Содан жүгізушілерден де, оларды іздеуі тиіс полициядан да хабар жоқ. Салдарынан жол жөндеушілер 4 күн бойы күректерін иығына асып, айдаладағы екі көліктің маңында сарғайып отыр. Олардың айтуынша, көліктер шамадан тыс жүк тиеп алғандықтан осы жағдайға душар болған. Ал жүктің салмағын өлшейтін көлік бақылау испекциясы жол сапасы нашар деп безілдейді. Екі мекеменің уәжін енді тексеріс анықтауы тиіс. Дегенмен инспекциядағылар облыс көлеміндегі жүк көліктерінің барлығын бақылауға мұрша жетпейтінін де жасырмайды.
Дастан Жұмағұлов Қарағанды облыстық көліктік бақылау инпекциясы бастығының орынбасары:
- Қарағанды облысының аумағында 56 кен орны орны бар. Біздің инпекцияда 3 жылжымалы бекет жұмыс жасайды. Штатта 12 адам ғана бар. Олар үлкен аумақты қамти алмайды. Сондықтан көліктер біз жоқ жерде ауыр жүк тиеп өтіп кетуге тырысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!