{metadescription}
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары сатқан сүттерінің ақшасын даулап жүр
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары сатқан сүттерінің ақшасын даулап жүр

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары сатқан сүттерінің ақшасын даулап жүр

Қазір оларға ауылшаруашылық кооперативі екі миллион теңге қарыз. Былтырдан бері түрлі сылтау айтып, басшылары ұстатпай қойған. Тіпті араға шенеуніктерді де салып көргенімен, оларда түк бітіре алмапты.

Мәртөк ауданына қарасты Қазан ауылында жүзге жуық шаңырақ тұрады. Мұндағы жұрт қалаға сүт тасып күн көреді. Былтыр жергілікті ауылшаруашылық кооперативі үй-үйді аралап, сүт қабылдағанда қатты қуанған еді. Тіпті, қолма-қол ақысын бермесе де, жинап төлейді дегенге сенген. Бірақ содан бері қазандықтардың қолына бір тиын да тимепті.

Валентина Крум, Қазан ауылының тұрғыны:  

Ақ адал еңбегіміздің ақысын бір жылдан бері ала алмай отырмыз. Ақшамызды сұрасақ күнде ертеңмен тойдырып бітті. Менің өзіме жүз мың теңге берешек. Сол сүтіміздің арқасында нан-суымызды айырып отырғанымызды қалай түсінбейді?! Асырап отырған отбасымыз, балаларымыз бар.

Кооперативтің Қазан ауылының тұрғындарына берешегі екі миллион теңгеден асады. Сот арқылы өндіруге мұндағылардың қолында келісім-шарт жоқ. Араға аудан әкімдерін де салып көрген.

Исатай Еспағанбетов, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары:

- Біз жеке кәсіпкердің шаруасына араласа алмаймыз. Бірақ өзінің айтуынша, осы сәуір айының аяғына қарай өздерінің араларында жасалған төлем кестесі бар. Соған байланысты жабамыз деп уәде беріп отыр.

Кооператив басшысының тұрғындармен кездескісі жоқ. Бірақ әдетінше уәдесін аямайды.

Әлима Кужиева, «Ұлттық Эко Өнім» кооперативінің директоры:  

- Өзімнің де сол қарыздан құтылғым-ақ келеді. Ақша түспей жатыр. Сүт қабылдауға көмектескен шаруа қожалықтарымен берешекті қайтаруға кесте де құрып қойдық. Осы аптан бастап қарызды қайтаруға тырысамын.

Бұл кооператив бұған дейін тағы бірнеше ауылдың тұрғындарына қарыз болған. Әйтеуір оны бір ай бұрын қайтарып үлгеріпті. Енді шенеуніктер жұртты бұлай сабылтпау үшін жергілікті сүт өнімдерін шығаратын цехтармен келісім жүргізіп жатыр. Олар өз кезегінде ешбір делдалсыз өздері сүт қабылдауға міндетті болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде