{metadescription}
Тоқаев көлік айнасының жаппай ұрлануын масқара жағдай деп атады
Тоқаев көлік айнасының жаппай ұрлануын масқара жағдай деп атады

Тоқаев көлік айнасының жаппай ұрлануын масқара жағдай деп атады

Бүкіл қылмыстың 70 пайызы ұрлықтан тұрады. Ішкі істер министрлігінің жиынына қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде ұрлықтың көбеюіне қатысты ойын айтты. Ауыл жұртын зарлатқан барымта мен жасөспірімдерді арбаған есірткі саудасына дейін мемлекет басшысы жақсы біледі. Жағдайды оңалту үшін Тоқаев дәл жиын үстінде тапсырмаларды үйіп тастады.

Ішкі істер саласының жұмысын президент жоғары бағалайды. Тек тынымсыз қажырлы еңбегіне дақ түсіретін кей жағдайларды айтпағанда. Бірақ, орасан еңбекті еш ететін де сол жайттар. Тоқаевтың айтуынша, 102 нөміріне қатысты шағым көп. Өтінішке құлақ аспайды, айтылған жерге шұғыл жетпейді. Саралай келгенде, күллі қылмыстың ішінде ұрлық-қарлықтың үлесі 70 пайыз. Бұған президенттің берер бағасы біреу-ақ.

- Бұл масқара жағдай.

Көлігінің айнасынан айрылған Олимпиада чемпионы Баландин аман қалса, Тенді өлтіріп тынды. Әрбір бесінші ұрлық - ұялы телефон. Ұрлықтың тағы бір түрін мемлекет басшысының атап айтпасына болмады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Оны «барымта» дейді немесе мал ұрлығы. Кей көршілерімізде ұрлықтың бұл түрі заңның арнайы бабы бойынша қатаң тергеледі. Үкіметке қылмыстың осы түрі бойынша тергеуді күшейтуге заң тұрғысынан қажетті шараларды дайындауды тапсырамын.

Ауыл жұрты осылай зар қақсап отырса, қалаларды интернет арқылы есірткі саудасы жайлаған. Әсіресе, ел тығыз орналасқан аудандардағы үйлердің қабырғаларында, қоршауларда есірткі саудалайтын сайттардың сілтемелері, QR-кодтары өріп жүр. Оның бәріне көз жұмып отырған полиция өкілдеріне президенттің күдігі бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің қатысы бар деген ойға жетелейді. Сондықтан заң тұрғысынан бақылауды күшейту керек. Бұл мәселені түбегейлі жою үшін полиция заманауи технологияларды қолдана білу керек.

Қулық-сұмдықпен арпалысуы тиіс полиция десек, оның өзі де қылмысқа шырмалып жатыр екен. Былтырдың өзінде полиция өкілдерінің қолымен жасалған 662 қылмыс тіркеліпті. Соның 60 пайызы жемқорлық екен. Нақтысын айтсақ, жол полициясы мен көші-қон, және тіркеу-емтихан қабылдау орындары. Соның салдары ма дерсіз, жол-көлік оқиғасынан көз жұматындар саны былтыр 10 мыңнан асқан. Ал бұл адам шошырлық көрсеткіш. Орнымен сынап, әдебімен мін айтса да Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы құзырлы орындардың жұмысын жақсы бағалайтынын жеткізді. Ол үшін суға батқан қызды құтқарам деп өз өмірін қиған атыраулық полицей мен табиғат қаскөйлерінің қолынан қаза тапқан қарағандылық қорықшыны мысал етті.

Атап өтерлік бір жаңалық, алдағы уақытта елімізде визаның электронды түрі мен туристік полиция пайда болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарында осындай қызмет түрін енгізу туралы ұсыныс жасап отыр. Президент қарсы емес, оны қарастыратынын мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде