{metadescription}
Балалар әдебиетінің қатары тағы бір тың туындымен толықты
Балалар әдебиетінің қатары тағы бір тың туындымен толықты

Балалар әдебиетінің қатары тағы бір тың туындымен толықты

«Тәтті алма» деп аталатын шығармалар жинағының 5-ші томы бүгін жарық көрді.

Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

- Бұл 5-ші томына біз аралас, ертегілер, балаларға арналған өлеңдер, әңгімелерді де енгіздік. Соны міне, жас бүлдіршіндерді жинап, тұсауын кесіп, балаларға тараттық.

Тұңғыш президент қорының қолдауымен шыққан кітапқа ертегі өлеңдерден бөлек, театрлық қойылымдар да еніп отыр. Сондай-ақ, қор қызметкерлері бүлдүршіндерге «Тәтті алма» жаңа томымен қоса, «Қозы-көрпеш - Баян сұлу» және «Жұмбақтас» аңызы бейнеленген комикстарды табыстады.

Жалпы, бүгін тұсауы кесілген балалар әдебиеті, мектеп пен балалар үйіне тегін таратылмақ. Тіпті, кітаптың электронды нұсқасын «Тәтті алма» сайтынан оқуға болады.

Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Міндетті түрде кітапты іздеудің қажеті жоқ. Және де бұның басты мақсаты елімізде мемлекеттік тілді дамыту. Және жастарға, балаларға арналған шығармалардың авторларын қолдап, кеңінен тарату.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.