Тұрғындардан мекенжай анықтамасы сұралмауы тиіс
Енді құжатты қажет еткен қызметкер немесе мекеме маманы анықтаманы е-gov порталынан өзі жүктеп алуға құқылы. Ол үшін азаматтан смс хабарлама арқылы рұқсат алса жеткілікті. Бұл жайында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
Автор: Әсел Тұмашқызы
18.04.2019
Осылайша жұрт бір бет парақ үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіру бейнетінен арылады. Дегенмен, жаңа форматтағы қызмет көрсету үлгісі қашаннан басталатыны белгісіз. Белгілісі, бұл қызмет түрін пайдалану үшін «мобильді азамат» жүйесіне тіркелуіңіз мінетті. Министрдің хабарлауынша, бүгінде жүйеде 7 миллионнан астам азаматтың нөмірі бар. Ал, ақпарттық базаға енбей қалғандар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеуден өте алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!