{metadescription}
Бас қалада 10 адам торттан уланды
Бас қалада 10 адам торттан уланды

Бас қалада 10 адам торттан уланды

Астан ұшынғандардың екеуі ауруханада жатса, қалғандары күндізгі бөлімде ем қабылдап жүр. Уланғандардың ішінде 10 жасар бала бар. 

Зардап шегушілер «Happy cake» фирмасының өнімдерін тұтынғаннан кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Апта басында жүрегі айнып, дене қызуы көтерілген бір отбасының 4 мүшесіне торттан уланды диагноз қойылған. Осыдан кейін дәрігерлердің көмегіне тағы 6 адам жүгінген. Олар да осы кондитерлік цехтің «Құс сүті» тортын жегеннен кейін халі нашарлағанын айтыпты. Егер кәсіпкердің заңды бұзғаны анықталса, бір жарым миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін. 

Сәдуақас Байғабылов, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Кәсіпкерлік нысаны санитарлық-эпидемиологиялық мамандардың құжатынсыз жұмыс істеген. Алайда, екі жыл бұрын өтініш бергенімен  тазалық талаптарына сай болмағаннан кейін рұқсат алмаған. Елімізде шағын және орта бизнес нысандарын 3 жылға дейін тексеруге рұқсат жоқ. Кәсіпкер нысанды кофехана ретінде тіркеген. Сөйтсе, бұл кондитерлік өнім шығаратын цех екені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде