{metadescription}
Дариға Назарбаева бірқатар бастама көтерді
Дариға Назарбаева бірқатар бастама көтерді

Дариға Назарбаева бірқатар бастама көтерді

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева ТМД-ның парламентаралық ассамблеясының отырысына қатысып жатыр. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан келелі жиын лаңкестікке қарсы тұру мүмкіндіктерін қарастырады.

Дариға Назарбаева, Сенат төрайымы:

- Қалыптасқан жаңа мәселелер әр елдің парламенті мен парламентаралық ұйымдарының бірлесе белсенді жұмыс істеу керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан ұлттық заңнамаларымызды бір-біріне үйлестіру лаңкестікке қарсы күрестің маңызды тетігіне айналды.

Оның айтуынша, бүгінде ТМД парламентаралық ассамблеясы қауіпсіздік мәселелерін реттейтін мықты заңнамалар базасын жасады. Қазақстан қашан да халықаралық терроризмге түбегейлі қарсы. Оған Елбасының Біріккен ұлттар ұйымы аясында мемлекеттердің лаңкестікке қарсы коалициясын құру бастамасын көтергенін мысал етуге болады. Нәтижесінде терроризмнен азат әлем құру туралы Кодекс жасалып, оған 70 мемлекет қосылды. Бүгінгі Екатеринбургте өтіп жатқан жиында да Қазақстан парламентарийі экстремистік идеяларды желілер арқылы таратуға жол бермеу, лаңкестерді қудалау мен оларды қаржыландыру көздерін жою мәселелерін кеңінен қарастырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде