{metadescription}
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, соңы ақ түтек боранға айналды
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, соңы ақ түтек боранға айналды

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, соңы ақ түтек боранға айналды

Кейбір жерлерде тәулік бойы жауған нөсер жауынның соңы көктайғаққа ұласып, бір ғана Қарағандыда таң атқалы 26 жол апаты тіркелген. Қатты желден электр сымдарына зақым келіп, жарықсыз отырғандар да бар. Қазір аймақтардағы коммуналдық қызмет күндіз-түні демалыссыз жұмыс жасауда. Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептерде сабақ та тоқтатылды.

Қазақ бес қонақ деп атаған табиғаттың тосын мінезі кей өңірлерді әбігерге салды. Сәуірді тәуір деп жүргенде, боран соғып, қар басып қалды. Қыстан аман-есен шықтық деп қуанып жүрген Атырау мен Семей, Қарағанды мен Өскемен және солтүстіктегі тұрғындар бүрсең қағып, жылы киімдерін қайта киюге мәжбүр. Күн райының бұлайша түрленуі – күтпеген жағдай, - дейді тұрғындар.

Айгүл Тұрғынбекова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Бұлай болады деп тіпті күтпеп едік, ертеңгісін ұйқыдан тұрғанымда жеңіл қар түскенін көріп, мән бермегем. Бірақ, далаға шыққанда, жағдай тіпті басқаша екен, көктайғақ, біз үшін таң қаларлық емес қой, дегенмен, сәуірде қар жауып, суытқаны қызық болды.

Ауа-райының аяқ асты бұзылуынан коммуналдық мекеме жұмысшылары күні-түні жұмыс жасап жатса, мектеп оқушыларының қуанышында шек жоқ. Өйткені, Өскемен, Семей, Атырау қалаларындағы орта білім беретін мектептерде сабақ тоқтатылды.

Ұлықбек Тінәлиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

- Өйткені, ауа-райы бүгінгі күні қатты жел және де қар жаууына байланысты осы балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық мектеп оқушылары, 1-ші және 2-ші ауысым бойынша сабақтан босатылды.

Кей жерлерде тәулік бойы толассыз жауған нөсердің арты көктайғаққа ұласып, оқыс оқиғалар да жиілеген. Мысалы, қысқы дөңгелектерін жазғыға ауыстырып, алаңсыз жүрген қарағандылық көліктер соқтығысып, 5 адам зардап шекті. Ал, бұл «Атырау-Доссор» тас жолында бүгін болған жағдай. Toyota Sienna мен Газель және Daewoo автобусы соқтығысып, 1 адам сол жерде қаза тапты. Екеуі ауруханаға жеткізілген. Қала ішіндегі жағдай да жақсы емес. Атырау көшелері көлге айналып, мыңдаған текше метр суды сору үшін 50-ге жуық арнайы техника мен 300 жұмысшы қос ауысымда жұмыс істеуде. Ал, секундына 23 мертге дейін жеткен қатты желден үзіліп кеткен электр желілері қаланың бірнеше ықшам ауданын уақытша жарықсыз қалдырды. Оны қалыпқа келтіру үшін 30 шақты бригада іске кіріскен. Аймақтардағы ауа-райын болжаушылардың да айтары бір. Оларға сенсек, табиғат тарпаң мінезін әлі бірнеше күн көрсетпек.

Думан Икенов, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

- «Қазгидромет»-тің мәліметі бойынша, осы ауа температурасы келесі жұманың соңына дейін сақталуы мүмкін. Ауа температурасы -4, -8 градусқа төмендеуі ықтимал.

Ресейден жеткен суық циклон солтүстіктегі халықты та тыпыр еткізбей тастады. Мәселен Петропавлда ауа температурасы + 15-тен – 15 градусқа бір-ақ түсті. Мұнда да көктайғақ болғанымен, арнайы қызмет өкілдерінің жұмысы тым сылбыр. Жолдарға құм мен тұз шашылмағандықтан, жол апаттары көбейген. Әйтеуір, адам аман.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.